Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысының прокуратурасы Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.
Сонымен қатар, К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Гаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз, - делінген прокуратура таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар