Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШерзат Болаттың ісі бойынша жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сот отырысынан шыққаннан кейін көлігіне қатысты күдікті жағдай орын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқиғаның мән-жайын баяндаған.
Адвокаттың айтуынша, оның көлігіне әдейі қастандық жасалған болуы мүмкін. Ол көліктің екі болтының шешіліп қалғанын айтып, бұл жағдайдың жолда жүріп келе жатқан сәтте үлкен қауіп туғызатынын жеткізді.
Сот отырысынан шықтық. Мына жағдайға назар аударыңыздар. Бұл бізге қарсы жасалған қастандық па, әлде жай кездейсоқтық па – оны бір Алла біледі. Екі болтты шешіп алыпты. Бұл – жолда келе жатқанда өте қауіпті жағдай, – деп пікір білдірді адвокат Мейірман Шекеев.
Қоғамдық резонанс тудырған бұл оқиға құқық қорғау органдарының назарын аударып, тергеу жүргізуді қажет етеді. Адвокаттың мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқылануда, ал оқиғаның анық-қанығы алдағы уақытта белгілі болады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі