13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызТалдықорған қаласында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланып, үкіммен келіспеген сотталғандардың туыстары қоғамдық тәртіпті бұзуға тырысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, олардың бірі — әйел адам балағат сөздер айтып, агрессия танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция сот отырысы өткен зал мен оның айналасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті.
Оқи отырыңыз:
Полиция департаменті құқық үстемдігіне ешқандай қысымға жол берілмейтінін ескертеді. Сот шешімдерінің орындалуына кедергі келтіру, сотқа құрметсіздік таныту немесе жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері заң шеңберінде қатаң түрде тоқтатылатын болады. Жазаның бұлтартпау қағидаты — құқықтық мемлекеттің берік негізі, - делінген мәліметте.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сай объективті жүргізілді. Тергеудің барысы және қатысушылардың құқықтарының сақталуын прокуратура бақылаған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды