23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Талдықорған қаласында өтіп жатқан 16 жасар Шерзат Болаттың қазасына қатысты сот отырысында куәлік берген Дана Жақсыгелді күдіктілердің көлік ішіндегі әңгімесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға орын алған күні күдіктілермен бірге болған екі әйелдің бірі Дана Жақсыгелді сот отырысында тың ақпараттармен бөлісті.
Біз «777» дүкенінен шыққаннан кейін көлікке отырып Талғар қаласынан шығып кеттік. Сол кезде Нұрқияс телефон арқылы біреулерді шақырып жатты. Содан кейін біреуі қалжыңдап «ауылға путевка алып кетеміз бе» деп айтты, – деді Дана Жақсыгелді.
Сондай-ақ, куәгер 102-ге қорыққандықтан қоңырау шала алмағанын да жеткізді. Айтуынша, атылған мылтық дауысынан кейін және пышақты көргендіктен бойында қорқыныш туындаған.
Айта кетейік, осыған дейін тағы бір куәгер мылтық ұстап жүгірген адам туралы айтқан болатын. Екінші куәгер қыз да оқиға кезіндегі жағдайды баяндады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік