Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШерзат Болат ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде сотталушылардың қорғаушылары істі жүргізіп отырған прокурор Дана Сәрсенбайға сенімсіздік білдіріп, оны процестен шеттету туралы сотқа өтінішхат тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адвокаттардың айтуынша, прокурор айыпталушыларға қысым көрсетіп, сұрақтарды бұрмалап қояды. Дархан Әскентайдың адвокаты Ержанов бұл жағдайға қатысты: «Өздеріңіз көріп отырсыздар, прокурор сұрақты бұрмалап қойып отыр. Прокурор айыпталушыға қысым жасап отыр», – деп мәлімдеді.
Басқа сотталушылардың қорғаушылары да бұл пікірді қолдап, прокурордың істі бейтарап жүргізіп жатқанына күмән келтірді. Олар соттан Дана Сәрсенбайды істен шеттету туралы өтінішті қанағаттандыруды сұрады.
Өз кезегінде прокурор бұл айыптаулармен келіспей, қорғаушылардың өтінішін негізсіз деп атады. Жәбірленуші тараптың өкілдері де соттан қорғаушылардың өтінішін қабылдамауды талап етті. Осыдан кейін сот алқасы шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне үзіліс жариялады.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында сотталушылардан жауап алу кезеңі басталды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі