13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызТалдықорғанда жасөспірім Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша Талғар қаласының тоғыз тұрғынына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Айыптаулардың бірі – қасақана адам өлтіру, ал қалғандарына – бұзақылық бойынша тағылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сот отырысы барысында марқұмның туыстарының мүддесін қорғаушы адвокаттар талап етіп отырған моральдық және материалдық өтемақының көлемін жария етті.
Абзал Шынасылдан Шерзат Болатты жерлеу шығындары үшін 2,7 млн теңге өндіріп алу сұралды.
Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиевтен жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық зиян үшін 100 млн теңге (екі жәбірленушіге 50 млн теңгеден) төлеу талап етілді.
Сондай-ақ осы екі айыпталушыдан Гүлбара Бішембиева мен Жұмабике Қадыроваға моральдық зиян үшін тағы 100 млн теңгеден өтемақы өндіру көзделіп отыр.
Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұрқияс Ілиясов, Дидар Қалиахмет, Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтардан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына әрқайсысынан 20 млн теңгеден талап етілуде – барлығы 120 млн теңге.
Аталған алты айыпталушыдан Бішембиева мен Қадыроваға да дәл осындай – әрқайсысына 120 млн теңге мөлшерінде өтемақы төлеу сұралды.
Осылайша, марқұмның жақындары соттан барлығы 660 миллион теңгеден астам моральдық зиянды өтеуді талап етіп отыр. Іс бойынша сот отырысы әлі де жалғасуда.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды