6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандықтар әлеуметтік желілерде #ЗаШерзата хэштегі бар ауқымды флешмоб бастап, жасөспірімнің фотосын жаппай бөлісіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы уақытқа дейін Шерзаттың суреті қойылған хэштегті 700 мыңға жуық желі қолданушысы бөліскен. Осылайша қазақстандықтар Шерзат Болат өліміне кінәлі қылмыскерлерді заң аясында жазалауды талап етиіп жатыр.
Еске салайық, 16 жастағы жасөспірімді 4 қазан күні қаруланған бір топ адам өлтіріп кеткен еді. Шиеленіс Шерзаттың әкесінің дүкенінде басталған. Бір бөтелке сыраға ақша төлегісі келмеген ер адам, жасөспірімнің әкесін балағаттаған. Оған шыдамаған Шерзат оны ұрып жібереді де, артынан кешірім сұрайды. Алайда ер адам қоңырау шалып, оқиға орнына таныстарын шақырады. Олардың арасындағы дау үлкен төбелеске ұласып, салдарынан жасөспірім қаза тапқан еді. Төбелеске қатысқан жеті адам қамауға алынды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі