Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӨткен жылы адам қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың ісі бойынша тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17 қаңтарда адвокаттарға тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама берілген. Енді тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысатын болады.
Былтыр 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасы қоғамда қызу талқыға түскен еді. Марқұмның әкесі мен туыстары әділ тергеуді талап етіп, наразылық білдірген. Ал 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын растады. Жергілікті билік отбасына уақытша баспана мен тәулік бойы күзет ұйымдастырған болатын.
Сондай-ақ, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде жасөспірім Шерзат Полаттың ағасының өлі денесі табылды. Полицияның мәліметінше, ер адам өзіне қол жұмсаған.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Талғарға Ұлттық ұлан күштері жұмылдырылды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов кінәлілерді анықтау бойынша шаралар қабылданғанын мәлімдеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары