Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыІшкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығының орынбасары Самат Аисов Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдіктілердің кейбірі бұрын сотталғанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шерзат Болаттың ісіне қатысты қамауға алынып, қылмыстық іске тартылған азаматтардың ішінде бұрын сотталғандары бар. Олар бұзақылық және тағы басқа жағдай бойынша жауапқа тартылған, - деді Самат Аисов.
Бұған дейін қылмыс орнынан 7 адамның ұсталғаны хабарланған еді. ІІМ вице-министрі 13 қазан күні тағы 3 күдіктінің қамалғанын айтты. Осылайша, 10 адам күдікті ретінде танылды. Дегенмен оқиға орнында барлығы 13 адам болғаны белгілі.
Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олардың мәртебесі - қорғану құқығы бар куәгер, - деді Берік Адамов ӨКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, вице-министр күдіктілер арасында пробациялық бақылауда болған азаматтың түнгі уақытта қалай жүргені жөніндегі сұраққа жауап берді.
Осы мәселе бойынша пробациялық бақылаудағы, яғни түнгі мерзімде жүрген тұлғалар бойынша қызметтік тексеру өткізіп, біздің қызметкерлер не себепті бұған жол бергендерін анықтаймыз. Тексерудің нәтижесін кейін толық баяндаймыз, - деді Ішкі істер вице-министрі Бауыржан Әленов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары