Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТалғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова Қазақстанда қалатын болды. Бұл жаңалықты блогер, қоғам белсендісі Жан Ахмадиев желі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Блогердің жазуынша, бірнеше құзырлы органға өтініш хат түсірілген.
Сүйінші, Қазағым! Алла қаласа, Бақыт елде қалады! Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Парламент депуттары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Балалар Құқықтары жөніндегі уәкілі, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы арқылы түсірген өтініш хаттарымыз облыс прокуратурасымен назарға алынды. Бақыт Реймоваға қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберумен байланысты емес жаза қолдану үшін Жоғарғы сотқа кассациялық наразылық келтіру туралы Бас прокуратураға ұсыныс жолданды. Енді прокуратураның наразылығын Жоғары сот шегелеуі ғана қалды. Баршаңыздың қолдауларыңызға рақмет!,-деп жазды Жан Ахмадиев.
Еске салсақ, бұған дейін Бақыт Реимова "митингке шығуға үндеді" деп елден депортацияланатыны туралы айтылған болатын.
Бұған дейін кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасына меценат үй салып беретіні туралы жазған едік.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары