Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы адвокат Асқар Қаймақов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Талғар ісіндегі оқиғаларға қатысты бірнеше мәлімдеме жасау қажет деп санаймын. Полиция қызметкерлері айтқандай біздің өкілдер полициядан Қаржаубайды ұстауды сұраған жоқ. Туыстары қаза тапқан Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға келісім бермеді. Қаржаубайды 15 тәулік қамауға алу туралы сот қаулысын заңсыз деп санаймыз және оған апелляциялық шағым түсірдік. Бүгін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция ҚР ҚК - нің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп жазды Қаймақов бейсенбіде әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Қаржайбай Нұрымовтың қамауға алынғанын жазған едік.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?