Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенат кулуарында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың ісіне қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Санжар Әділовтің сөзінше, қазіргі таңда аталған іске қатысы бар 11 күдікті қамауда жатыр.
Осы жылдың соңына дейін біз барлық тергеу жұмыстарын аяқтаймыз. Сосын қылмыстық істі жәбірленушілер мен күдіктілерге танысуға тапсырамыз, - деді ол.
Сонымен қатар министрдің орынбасары Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қамаудан қашан босап шығатынын да айта кетті.
Шерзат Болаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Сот шешімі бойынша осы айдың аяғында, мерзімі өткен соң босайды, - деді Санжар Әділов.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады