Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысының Азат ауылында Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінде Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің үстіне шығып, өз-өзін өлтіретінін айтып қорқытқан. Облыстық Полиция департаменті оның қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін алға тартты.
Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады, - делінген мәліметте.
Қаржаубай Нұрымовты тәртіп сақшылары құрықтаған. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырлы болуға шақырады.
Айта кетейік, кеше Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Кейіннен оның өлер алдында ағасына жазған хаты жарияланды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары