Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы облысының Азат ауылында Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінде ұсталған Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еңбекшіқазақ аудандық соты Қаржаубай Нұрымовтың ұзақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталғаны туралы мәлімдеді.
Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - делінген сот мәліметінде.
Сонымен қатар Шерзаттың немере әпкесі Бақыт Реймова да 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шекарасынан шығарылады. Сот оның Қазақстан азаматы болып табылмайтынын алға тартқан және оған ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) осындай айып тағылған.
Ал Шерзат Болаттың тағы бір әпкесі Салтанат Нұрымова «ұсақ бұзақылық жасағаны үшін» (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар