6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрокурор іс материалдарын оқып шыққан соң, судья Ержан Жанұзақов сотталушылардан кінәсін мойындайтын немесе мойындамайтынын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот барысында Шерзат Болатқа пышақ сұқты деген күдікті Абзал Шынасыл бұзақылық бойынша кінәсін жартылай мойындады. Ал "Адам өлтіру" бабы бойынша кінәсін мойындамады.
Ал қалған күдіктілердің жауабы мынадай:
Равиль Сакиев – кінәсін толық мойындамады;
Шыңғыс Белғожаев – кінәсін мойындады, бірақ іс бойынша сәйкеспеушіліктер бар екенін айтты;
Дархан Әскентай – кінәсін мойындамады;
Нұрқияс Ілиясов – кінәсін мойындамады,
Нұрбол Тоқтаубаев – кінәсін ішінара мойындады;
Дидар Қалияхмет – кінәсін толық мойындамады;
Думан Ысқақ – кінәсін толық мойындамады.
Ал Азамат Тоқтаубаев кінәсін ішінара мойындап, оқиға орнында болғанын бірақ қолына пышақ ұстамағанын және Шерзаттың ағасы Нұрғанаттың телефонын ұрлық жасау мақсатымен алмағанын жеткізді.
Сот отырысы ертең сағат 10:00-де жалғасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі