2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрШерзат Болатты өлтіру ісі бойынша судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын сотқа қысым жасамауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша басты сот процесі жалғасты. Отырысты судья Ержан Жанұзақов ашып, қазақстандықтарға, әсіресе блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасады.
Құрметті процесс қатысушылары, қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде бұл іске қатысы жоқ блогерлер мен басқа да пайдаланушылар тергеу және сот процесінің барысына қатысты жеке пікірін айтып, субъективті баға беруде. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 1-тармағына сәйкес, сот төрелігін тек сот жүзеге асыратыны және сотқа қысым көрсетуге жол берілмейтіні атап көрсетілген. Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Сот үкімі шығып, заңды күшіне енгенге дейін іс барысын түсіндіруге және оған құқықтық баға беруге тыйым салынады, – деді Ержан Жанұзақов.
Судья барлық қазақстандықтарға және процесс қатысушыларына істің жан-жақты әрі объективті қаралатынын, оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмыстық іс материалдары мұқият зерттелетінін уәде етті.
Сот тек заң аясында өтеді және барлық жайт әділ қарастырады. Осыған байланысты жеке пікір білдіріп жүрген блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын сотқа қысым көрсетуден бас тартуға шақырамын, – деді Ержан Жанұзақов.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова