12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін Сенаттың кулуарында бұрынғы ішкі министрінің орынбасары, қазіргі сенатор Марат Қожаевтан Шерзат Болаттың ісіндегі екі әйелге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенаторға тілшілер «Жасөспірім өлген жерде болды деген екі әйел жазалана ма?» деп сұрақ қойды.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Бәрі заң аясында шешіледі. Заң сіз қалағаныңыздай бірден қабылдана салмайды. Тергеудің соңын күту керек. Барлық дәлелдер жиналып, жан-жақты мұқият талданғаннан кейін ғана шешім қабылдауға болады. Істің объективті және субъективті жағы қаралады. Егер Шерзат Болат ісіндегі екі әйелдің әрекетінде төрт компонент айқындалмаса, тіпті біреуі мәселен, “арам пиғылы болмаса” істе қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмады деп қаралады, - деп жауап берді Марат Қожаев.
Айта кетейік, Шерзат Болаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева оқиға болған түні дүкеннің алдында болған екі әйел куәгер болып кеткенін мәлімдеген еді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер