13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызШерзат Болат өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы әрі полиция қызметкері Жәнібек Әмірақын іске қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәнібек Әмірақын - Талғар ауданы полиция басқармасының рота патрульдік полиция қызметкері. Ол оқиға болған күн туралы айтып берді.
Жедел кезекшінің нұсқауы бойынша Менделеев көшесінде төбелес болып жатыр деген хабар түсті. Оқиға орнына бардым. Бұрылыста бір топ адаммен сөйлестім. Басында жердегі қанды көрдім. Адамдар бір бала пышақталған, оны әкесі емханаға алып кетті деді. Бәрін кезекші бөлімге хабарладым. Кейін күдікті автокөліктерді тауып, кезекшіге хабарластық. Сол кезде бір жігітті байқадық, оны әріптесім екеуіміз ұстадық. Ол «иә, мен Менделеев көшесінде болдым, төбелеске қатысым бар» деді. Ол Әскентай Дархан болып шықты. Дархан сыныптасым болса да бірден танымадым, себебі көзі ісіп кеткен, оның үстіне қараңғы болды. Ішімдіктің иісі сезілді, дейді Жәнібек Әмірақын.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды