Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыФильм жазушының туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданында түсірілген. Деректі туындыда Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қыры мен телевизия қайраткері ретіндегі болмысы кеңінен баяндалады. Талапты ауылындағы өзі тұрған үйден табылған, 1949 жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі жазған хаттары мен күнделіктерінен үзінділер беріледі.
Сонымен қоса фильмде Ш.Мұртазаның «Алтын қордағы» дауысы мен бейнематериалдар пайдаланылған.
«Биыл Шерхан Мұртаза негізін қалап, «Qazaqstan» телеарнасынан үздіксіз көрсетіліп келе жатқан «Таңшолпан» бағдарламасына 30 жыл толады. Бұл ұлттық арнаның ең ұзақмерзімді жобасы және отандық телевизия тарихындағы алғашқы таңғы бағдарлама. Мерейтойға орай «Qazaqstan» мен «Abai tv» арнасынан арнайы хабарлар көрсетілсе, Қазақ радиосында Шерхан Мұртаза апталығы өтеді», - дейді «Қазақстан» телерадиокорпорацисының Басқарма төрайымы Л.Танысбай.
Деректі фильмде ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, жазушы-публицист Уәлихан Қалижан, жазушы-журналист Көсемәлі Сәттібай, Қали Сәрсенбай, мемлекет және қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов, Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген және Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының қызметкерлері мен туыстары еске алып, қаламгердің өмірі мен еңбек жолы жайындағы естеліктерімен бөліседі.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді