Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропалық одақ елдерімен визалық режимді жеңілдету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанымен, кейбір қазақстандықтар бұл процесті жылдамдатуға кері әсерін тигізіп жатқан тәрізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанда жалған құжаттарды ұсыну фактілері жиілеп кеткен, бұл өз кезегінде Шенген визасын беруден бас тарту фактілерінің өсуіне алып келеді.
Виза алу үшін жалған фактілері бар құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының имиджіне елеулі зиян келтіріп, визалық режимді либерализациялау бойынша келіссөздерді жүргізуді қиындатады, сондай-ақ болашақта визадан бас тарту мүмкіндігін арттыра отырып, азаматтарымыздың визалық тарихын нашарлатады, – деді Смадияров.
СІМ өкілі мұндай құжаттар мұқият тексерілгендіктен, визалық өтініштердің қарау мерзімі ұзаратынын алға тартты. Сол себепті азаматтардың визаны кешіктіру туралы шағымдары жиілеп кеткен.
СІМ қазақстандықтарды құжаттарды ұсыну, визаға өтініш беру, қажетті алымдарды төлеу процесін мұқият бақылауға шақырады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?