Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыМемлекеттік қызметшілерге құмар ойын ойнауға тыйым салуы ұсынған петицияға 50 мың адам қол қойып үлгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
E-Petition.kz ресми порталында "Шенеуніктерге құмар ойындарға тыйым салу" деп аталатын петиция жарияланды. "Әділдік жолы" тәуелсіз республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов петицияның негізгі мақсатын атап өткен.
Жемқорлық, ұрлық, жымқыру, жең ұшынан жалғасқан сыбайластық – мұның бәрі шенеуніктер арасындағы құмар ойынға деген бейімділіктің салдары. Алайда мемлекеттік масштабта лудоман-шенеуніктердің мәселесі шешілмей отыр. Тек өз отбасыларын ғана емес, бізді де тонайды. Халықтың еткен еңбегін жоққа шығарады. Алматы облысының казиносындағы бір ғана ресми тексеру кезінде 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғаны анықталды. Орташа алғанда, әрқайсысы шамамен 1,7 миллион теңгені салған, - деп жазылған петицияда.
Петиция авторлары мемлекеттік қызметшілерге, бюджет саласындағы қызметшілерге, әскери қызметшілерге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және басқа да күш құрылымдары қызметкерлеріне құмар ойындарға толық тыйым салуды енгізу қажет деп есептейді.
ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Туризм және спорт министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі – оны тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ҚР Туризм және спорт министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды