11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж 350-ден астам азаматтың құқығын қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жамбыл облысының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 356 азаматтың, оның ішінде 156 жетім баланың тұрғын үй құқығын қорғады.
Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жалдамалы тұрғын үй үшін төлемді негізсіз жоғарылату, пәтер беру кезінде кезек сақтамау және т. б. фактілері анықталды.
Мысалы, Байзақ ауданында 2014 жылдан бері 65 баланы қамқоршылары баспанаға кезекке қоймаған.
Прокурорлық ден қою шаралары бойынша жалдау ақысының құнын жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге төмендету арқылы 200 азаматтың құқығы қорғалды, 156 жетім бала кезекке қойылды, оның үшеуі үй алды.
Жыл соңына дейін 66 жетім баланы пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес