13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады. Енді мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеруі қажет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Телефон тұтқасын көтергеннен кейін бірден амандасып, қойылған сұраққа нақты әрі сыпайы жауап беруі тиіс. Ал қызметкермен сөйлесу барысында айғайлауға немесе ашулануға болмайды. Сондай-ақ, дауыс ырғағына да аса мән беру керек. Айта кетейік, аталған талаптарды орындамаған маман жазаға тартылады.
Осы Әдеп Кодексінің нормаларын бұзуы әрине, тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл жауаптылық белгілі болған кезде Қаржы министрлігінің ведомстволық бақылау жасау қызметімен тергеу жүргізіледі. Қызметтік тергеу нәтижесінде осы теріс қылық нақты анықталса, тәртіптік комиссия шешімімен жаза қолданылады, - дейді Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Кәмшат Арыстанбекова.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды