7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында ардагерлердің, қалалық әкімдік өкілдерінің, елорда тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен шекарашыларға арналған ескерткіштің ашылуы өтті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында шекара ведомствосының құрылуы мен қалыптасу тарихына арналған экспонаттар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ «На страже рубежей Казахстана» кітабының тұсаукесері өткізілді.
Мерейтой құрметіне Шекара қызметі ансамблі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Салтанатты іс-шарада ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Алдажұманов сөз сөйлеп, ҰҚК Төрағасы атынан құттықтау тілегін және әскери қызметшілер мен ардагерлерге алғысын жеткізді. Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша міндеттердің маңыздылығы мен басымдылығын атап өтті.
«Мемлекеттік шекара – бұл егемендіктің басты құрамдас бөлігі, кез-келген елдің беріктігі шекарасына қарай анықталады. Сондықтан Шекара қызметіне және оның басты міндеті – мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді», - деді ол өз сөзінде.
Облыс орталықтарында дәл осы күні шекарашы батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды, көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды, мерекелік күнге орайластырылған спорттық жарыстар өткізілді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?