6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШайбалы хоккейден биылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Латвия қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетерлішгі, әлем біріншілігінде 3-орын үшін сайыста АҚШ пен Латвия құрамалары күш сынасқан болатын.
Бүгінге дейін америкалық хоккейшілер 2 мәрте алтын, 9 күміс, 9 қола медаль алды. Ал латвиялық құрама жарыстың аталған сатысында тұңғыш мәрте қатысты.
Кездесуде қос құрама тартысты ойын көрсетті. Бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан екі-екіден шайба соғып үлгерді.
Үшінші кезеңде құрамалар бір-бір шайбадан соқты. Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Латвия жеңіс шайбасын салды.
Осылайша, латвиялық хоккейшілер өз тарихында тұңғыш мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі