Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 25 жылдан кейін Словакияны жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында тартысты ойын өтті. Словакиялық хоккейшілер тізгінді қолдарына алуға тырысып, қарсыластардан Патрик Кох 14-минутта есеп ашты.
Ал екінші кезеңде қатарынан үш шайба соққан қазақстандық құрама жеңіске біртабан жақындай түсті.
Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бір голдантсоғып, таразы басын теңестірді.
Осылайша кездесу 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте Қазақстан мүлт кеткен жоқ. Нәтижесінде қарсыласын 4:3 есебімен жеңді.
Қазірге дейін екі құрама сегіз мәрте кездескен. Оның алтауында словакиялық, біреуінде қазақстандық хоккейшілер басым түссе, бір ойын тең аяқталды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек