6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сора Рахмонова 26 қыркүйек күні Дана Уайттың үміткерлер шоуы аясында литвалық Эрнеста Карикайтеге қарсы жекпе-жек өткізеді. Осы айқаста жеңіске жеткен спортшы UFC-де өнер көрсетуге шақырту алады. Сондықтан Сора Рахмонова АҚШ-та алдағы жекпе-жекке дайындығын жалғастырады.
Естеріңізде болса, Сора Рахмонова NAIZA турнирінде Валерий Карыгинаны айқын басымдықпен жеңгеннен кейін Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысты. Еліміздің бас қаласында өткен жарыста Шавкат Рахмоновтың қарындасы алтын медаль жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі