18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Аралас жекпе-жекте жеңіліс көрмеген қазақтандық Шавкат Рахмонов әлемдік танымалдылыққа қарамастан қарапайым болып қалуының сырын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат мұның бәрі адамның өзіне байланысты деп отыр.
Білмеймін, бұл адамның санасына байланысты шығар. Байып кетсем де қатты өзгеремін деп ойламаймын. Қандай мақсатқа жетсем де, сол қалпымда қаламын. Әлем чемпионы атағына 18 жасымда қол жеткіздім, сол кезде де жас екенімді, жұлдыз ауруына шалдығатынымды айтқандар көп, - деді Рахмонов «Друг Шаекина» подкастына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі жеке рекорды 18-0-ді құрайды. Қазіргі таңда қазақстандық спортшы UFC-де өз салмағында үшінші орында тұр.
Бұған дейінгі жекпе-жегін ол 2023 жылдың желтоқсанында Стивен Томпсонға қарсы өткізіп, екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр