Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа және өзге де спортшыларға тойға әуес болмауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Вестник ММА-ге» берген сұхбатында Арман кезінде өзі де осыдан зардап шеккенін алға тартады.
Бізде, қазақтарда, той көп. Қазақстанның барлық жерін аралап шығуың керек. Спортшыларды құртатыны осы. Өзім де осыдан өткенмін. Шавкат пен Асуға айтарым, мақсаттан таймау керек, бар назарды жаттығуға аудару қажет, - деді Арман.
Бұған дейін Азат Мақсұмның менеджері Нұраддин Садықов та тойдың спортшыға тигізген кері әсері туралы айтқан.
Негізінен ең жақын деген адамдары ғана айттық. Азатқа тойға баруды азайт дегенбіз. Өкінішке қарай, бұл жалғаса берді. Тиісінше жаттығу сапасына кері әсер етті. Артық салмақ пайда болды. Нәтижесін өздеріңіз де көрдіңіздер, - деген еді ол.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары