6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерUFC-дің атақты қазақстандық жауынгері Шавкат Рахмонов Рамазанның қасиетті күндерінде Меккеге кіші қажылық жасауға барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аралас жекпе-жек шебері Ұмраға жақындары және достарымен бірге аттанған.
«Рамазан айындағы ұмра құлшылығымыз қабыл болсын, Иншалла», - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
4 наурызда Шавкат Рахмонов (17-0) UFC 285-те ұйымдағы өзінің бесінші жеңісіне қол жеткізді. Жерлесіміз американдық Джефф Нилді үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
Осыдан соң демалысқа шығып, еліміздің өңірлерін аралады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі