23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жартылай орта салмақта UFC рейтингінде екінші орында тұрған Шавкат Рахмонов пен лиганың қазіргі чемпионы американдық Белал Мухаммад кездесуі өтпейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шавкат пен Белал айқасы мамыр айында өтуі тиіс еді, алайда UFC бүгін Мухаммад пен австралиялық Джек Делла Маддалена 10 мамырда Монреальда (Канада) кездесетіні туралы ақпарат жариялады. Осыдан соң Шавкаттың өзі мәлімдеме жасап, жарақат алып қалғанын айтты.
Белбеуге төбелесу туралы ұсынысты алдымен маған жасағаны үшін UFC-ге алғысымды білдіремін. Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты мамырға дейін дайын болып үлгермеймін. Жеңімпазбен биыл кездесемін, - деп жазды Шавкат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта чемпиондық атаққа таласуға үміткер атағын 2024 жылғы желтоқсанда жеңіп алды. Сол кезде ол ирландиялық Иэн Гэрриді ұтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік