30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыНұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясында «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов өз баяндамасында бірлестіктің атқарып жатқан жұмысына тоқталған еді. Бірлестікте азаматтарға әлеуметтік, гуманитарлық көмек көрсету бағытында мемлекет деңгейінде салмақты жұмыстар атқарылған.
— Шавкат Абдуллаұлы, өзіңіздің баяндамаңызды «Қазіргі жағдайдағы этномәдени бірлестіктердің әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбы аясында өрбіттіңіз. Соған тоқтала кетсеңіз.
— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсіміндегі сөзінде өзінің басты мақсаттарын айқындап өтті. Соның бірі – қоғамның бірлігін сақтау және әрбір азаматтың құқығын қорғау.
ҚР Конституциясы елде тұрып жатқан этностарға өздерінің мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін сақтап, оны дамытуға және қоғамда өз ұлтын емін-еркін танытуға мүмкіндік береді. Осы орайда астаналық ҚХА этномәдени бірлестіктері жаңа Достық үйінде бір жылдан бері мазмұнды іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп келеді. Осы азғантай уақыт ішінде Ассамблеяның тек қаланың ғана емес республикалық, халықаралық деңгейде түйіткілді мәселелерді шешуде әлеуеті өсті.
Біздің «Қырғызстан-Астана» бірлестігі он төрт жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде ғылыми, әлеуметтік, гуманитарлық салалардағы қызмет бағыттары қалыптасты. Әрі осы бағыттар бойынша қызмет қоғамның нақты сұраныстарынан тізбектеліп, тек қырғыз этникалық тобымен шектелмеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды