Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБейбітшілік және келісім сарайында XVII «Шаттық-2024» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ашық шығармашылық қалалық байқауы жеңімпаздарының қатысуымен «Жолымыз бір!» атты концерт-манифесі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байқау осымен 17-рет ұйымдастырылып отыр. Биыл 10 бағыт бойынша елорданың колледждері мен мектептерінен 7000 бала қатысты. Олар аспапта ойнау, вокал, театр, хореография, экология, қолөнер, сурет, Tik tok т.б. көптеген бағыттарда өз өнерлері мен іскерліктерін көрсетті. Бүгінгі гала-концерт осы байқаудың қорытындысы және балалардың жетістігінің жарқын көрінісі іспетті, - деді Тәттімбет атындағы Өнер мектебінің директоры Фархад Сәбиев.
Астана қаласы Білім басқармасы және М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайы ұйымдастырған ауқымды іс-шараның өзіндік ерекшелігі бар. Концерт-манифесте елорданың өскелең ұрпағы өнері мен іскерлігін көрсетіп қана қоймай, елімізде болып жатқан оқиғаларға сахна төрінде үн қосты.
Мен «Шаттық-2024» байқауынан эстрада вокалы бойынша алтын медаль алдым. Биыл конкурсқа алғаш рет қатыстым. Бүгінгі концерт-манифесте «Жұмақ мекен» триосымен өнер көрсеттім, - деді байқау жүлдегері Серік Бейбарыс.
Байқау финалының аккорды «Жолымыз бір!» музыкалық-хореографиялық қойылымы болды. Мұнда жас қатысушылар бірегей көркемдік тәжірибе, ерекше сахналық қойылымдар, ерекше хореографиялық нөмірлер арқылы қазақстандықтар үшін бірлікке, ынтымаққа, болашаққа, берекеге, бейбітшілікке апарар жол бір екенін еске салды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар