1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді10 жыл ішінде байқау көптеген жас өнерпаздарға танымалдылыққа жол ашып, білім саласының шығармашылық өмірінің өзіндік қолтаңбасына айналды. Бұл байқау қатысушылар дарынын ашып, орындаушылық шеберлігін дамытады.
Өз шығармашылығын таныту мақсатында байқауға қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Биылғы жылы Астана қаласының 100 білім беру мекемесінен 5000 астам жас дарын әділ қазылар мен көрермендер алдында өз бағын сынап көрмек.
Елорданың дарынды жастары жас ерекшелігіне қарай 15 номинация бойынша бәсекеге түседі. Номинациялар: жеке аспапта орындаушы/ансамбльдік аспапта орындау, классика, халық аспаптары/хор әні, эстрадалық ән, вокалдық ансамбль, халық әні, халық биі, қазіргі заман биі, поэзия, театр өнері, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр және киім үлгісі.
Бес күн бойы қаланың әр түрлі алаңдарында шығармашылық сайыстар өтеді. 29 ақпанда «Шаттық-2016» қалалық байқауының Гала-концерті және мерейтойлы алтын статуэткалармен марапаттау рәсімі өтеді.
«Шаттық» байқауы Рүстем және Мұхаммедәлі Жүгінісовтер, Александра Самарина, Әлібек Әлмадиев, Ділнұр Біржанова үшін «бастама алаңына» айналғанын айта кеткен абзал.
Былтырғы конкурста бес күн бойы елорданың түрлі сахнасында 28 алтын, 40 күміс, 56 қола медаль сарапқа салынып, жүлдегерлерді дайындаған педагогтарға 250 диплом мен 124 сертификат табыс етілген болатын. Жаңа есімдер және жаңа шығармашылық ұжымдар «Шаттық-2015» байқауының «алтын беттерін» толықтыра түскен еді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?