Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік30 шілде күні 13 сағат шамасында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды El.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Инспекторлық топ автокөліктің ізі арқылы Бұғыты таулары Алмасай аймағында (13 айналым 88 орам) мемлекеттік номері жоқ автокөлікті тоқтатып, оны тексеру барысында мылтыққапқа салынбаған үш дана ойық ұңғылы мылтық (TIKKA T3 N-308, TIKKA T3x LITE, ВЕПР-308 ), екі дана пышақ, бір дана рация, және арнайы контейнерге салынған ет анықталды.
Сонымен қатар автокөлік жанынан Сібір тау текесіне ұқсас аңның терісі табылды.Көлікте болған үш азамат ұсталды – олар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының және Алматы қаласының тумалары.
Айғақ заттарға уақытша алып қою қаулысы толтырылып, Ұйғыр ауданы полиция бөліміне тапсырылды.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді