23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сенатор Мұрат Қадырбек Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Түркістан облысындағы аграршылардың өткір мәселелерін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жыл бойы егінін егіп, шығынын шығарған шаруалар, шілде-тамыз айларында егінін суаруға су жеткізе алмай, қыруар шығынға батуда және бұл жыл сайын қайталанатын жайт. Ең маңыздысы, осы проблемаларды шешу үшін жасалған жобалар да бар, қаржылар да бөлінген, өкінішке қарай, қаржыландыру тоқтап, жобалар өз мақсатына жетпеген, – деді сенатор.
Мәселен, «Боралдай» су қоймасы жобасын қаржыландыру мен Отырар ауданындағы Шәуілдір бассейнінің ішкі коллекторлық-дренаждық желілерін қайта жаңарту жұмыстары тоқтап қалды. Депутат осыған байланысты премьер-министрден осы мәселелерді шешуге жәрдемдесуді сұрады.
Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында берген тапсырмаларына сәйкес жоғарыда айтылған Түркістан облысындағы су нысандары мен су қоймаларын тиісті бағдарламаға енгізіп, 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруды сұраймыз, – деді депутат Мұрат Қадырбек.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік