Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсКүн райының бірден суытуынан Шардара ауданында 1000 гектарға жуық қарбыз көшетін үсік шалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Шардара ауданында қарбыз көшеттерінің үсіп қалғаны жайында ақпарат тарады. Онда суықтан солып қалған көшеттерді көрсеткен видео авторы 2000 гектар алқаптағы егінді үсік шалғанын айтады. Ал, Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі әзірге 1000 гектарға жуық жердегі көшеттер жарамсыз күйге түскенін жеткізді.
Мамандардың сөзінше, егістік алқабы сақтандырылмағандықтан шаруалар арнайы көмек те ала алмайтын көрінеді.
Жалпы қарбыз көшеті ауаның 0 градусында, ал топырақ қабаты -1 градуста үсіп кетеді, - дейді «Қазгидромет» РМК Түркістан филиалының агрометеоролог маманы Динара Баянбаева.
Синоптиктердің сөзіне сүйенсек, кешегі күні түнде Шардарада күн райы 0 градусты көрсеткен.
Ал, топырақтың температурасы -1 градус болған.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды