6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер"Наурызнама" онкүндігінің үшінші мерекесі – Шаңырақ күні Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлері оқу-жаттығу орталығының әскери қызметшілері Алтынбек пен Айжан Рақышевтардың үйіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл ерлі-зайыптылардың отау құрғандарына 15 жыл. Олар алты бала – үш ұл және үш қыз өсіріп отыр. Отағасы Алтынбек Рақышев Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында мотоатқыштар мектебі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Жұбайы Айжан үйде бала тәрбиесімен айналысады.
Отбасы – басты тірегіміз. Жұбайым екеуміз балаларды үлкендерді сыйлауға, дәстүрлерді құрметтеуге, ел алдындағы жауапкершілікті сезінуге үйретеміз. Балалардың қамқорлықты сезініп, ынтымақта және еңбекқор болып өсуі біз үшін маңызды. Отбасы – ол болашақтың негізі, - деді А. Рақышев.
Әскери қызметшілер үй иелерін мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Мерекелік дастархан басында, тамаша көңіл-күйде әріптестер өздерінің ата-аналарының өсиеттері мен отбасыларында болған қызықты оқиғаларды еске алды.
Кездесу соңында бөлім командирінің орынбасары подполковник Әлішер Табылдиев Рақышевтар отбасына өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтарды сақтауға қосқан үлестерін атап өтіп, алғыс хат табыс етті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі