18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Әлеуметтік желіде Алматыдағы шаңды дауыл кезінде ұшақты сәтті қондырған ұшқыштың кәсібилігіне жұрт таңдай қақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Демалыс күндері TikTok желісінде mutriba.tj есімді қолданушы видео жариялады. Автордың айтуынша, бұл бейне Душанбе – Алматы бағытындағы рейс бортында түсірілген. Видеода қатты желге қарамастан ұшақтың жерге қону сәті көрсетілген. Кейбір жолаушылардың қону кезінде дұға етіп отырғанын естуге болады.
Ал желі қолданушылары видеоның астына ұшқыштың кәсібилігі туралы пікірлер қалдырған.
«Ұшқышқа алғыс, жарады! Осындай дауылда ұшақты қондырып, қанша адамның өмірін сақтап қалды», «Мен осы рейспен ұштым – қорқынышты болды. Ұшқыш – нағыз маман», «Қандай тамаша! Денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін! Осындай жағдайда ұшақты қондыру – зергерлік шеберлікпен тең», «Мен бұл ұшақтарды жерден көрдім. Әуежай маңында жұмыс істеймін. Ұшақтар қатты шайқалып жаты», – деп жазды олар.
@mutriba.tj ба кайидани самалет кам монда буд вале худоро шукр
♬ оригинальный звук - mutriba.8
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр