6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Маралды ауылындағы алтын өндіру фабрикасының мәселесі 15 мамырға дейін шешілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден Шығыс Қазақстан Күршім ауданы Маралды ауылының мәселесі жөнінде пікірін сұраған еді.
Жалпы алтын зауыты бойынша осы апта емес, келесі аптада әкімдіктің өкілін, сонымен қатар, жергілікті халықпен қосымша кездесу өткіземіз. Содан соң ғана жауап береміз. Өйткені, бірнеше мәселе бар. Айтып жатқандарыңыз дұрыс, екі тарап бір-бірімен келісімге келіп тұрған жоқ, - деді Марат Қарабаев.
Ол «нақты шешім қабылданды» деп айта алмайтынын, келесі аптада әр тарапты тыңдағаннан кейін жауап бере алатынын айтты.
Шамалы сабыр сақтаңыздар. 15-не дейін (мамырдың) бәрінің басын қосып, содан кейін қосымша айтамыз, - деді министр.
Айта кетейік, ШҚО Күршім ауданы Маралды ауылының халқы алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы шығып жатыр. Халық тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі