Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Минситр Америкадан Қазақстанға ARC Drones дрон құрылғасының 3 данасын жеткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
ARC Drones өкілдері қазір Атырау қаласында және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды материалдық құралдарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын, — деп жазды министр.
Министр осы дрондарды қолданып, құтқарушылар мен еріктілердің қауіпсіз қызметін күшейтетінін айтты.
Сонымен қатар дрондарды су сынамаларын жинауға да қолдануға болады. Дрондарды шұғыл пайдалану жақын арада қажет болмайды және еліміздегі су тасқыны жағдайы қалыпқа келеді деп үміттенемін, - деді Мусин.
Айта кетейік, ARC Drones — қазақстандық Әлібек Ерсай мен Әсел Тұрсын негізін қалаған американдық стартап. Бұл дрондар салмағы 10 км радиуста 30-40 кг-ға дейін және күніне 100-ге дейін рейс орындай алады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары