Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіШакираның Қырғызстанда өтетін концертіне билет алған шетелдік көрермендердің басым бөлігі – қазақстандықтар. Сатылымның алғашқы тәулігінде шетелдіктер сатып алған билеттердің 80,01%-ы қазақстандықтарға тиесілі болған.
Бір тәуліктің ішінде концертке 13 мыңнан астам билет сатылған. Бұл барлық билеттің шамамен 30%-ын құрайды.
Жалпы сатылым құрылымында Қырғызстан тұрғындарының үлесі 77,32% болса, шетелдік сатып алушылар 22,68%-ды құраған.
21 елден турист барады
Шетелден билет алғандар арасында Қазақстан айқын басымдықпен бірінші орында тұр. Одан кейін Ресей – 13,08%, Өзбекстан – 3,8%. Қалған 18 елдің тұрғындары жалпы шетелдік сатып алушылардың 3,1%-ын құраған.
Осылайша, сатылымның алғашқы күнінде өткізілген барлық билеттің 18,15%-ын Қазақстан тұрғындары сатып алған. Яғни әр бесінші сатылған билетке жуық билет қазақстандық көрермендерге тиесілі.
Билеттерді АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Тәжікстан, Түркия, Германия, Қытай, Ұлыбритания және өзге де елдердің тұрғындары да сатып алған.
Орталық Азияда алғаш рет концерт береді
Әлемдік жұлдыз Шакира 18 қазанда Бішкектегі «Бішкек Арена» стадионында өнер көрсетеді. Бұл – әншінің Орталық Азиядағы алғашқы концерті.
Концерт Las Mujeres Ya No Lloran әлемдік туры аясында ұйымдастырылады. Шоу барысында әншінің жаңа альбомындағы композицияларымен бірге көпшілікке танымал Hips Don’t Lie, Whenever, Wherever, Waka Waka және She Wolf сияқты хиттері де шырқалады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концерт тек музыка жанкүйерлерін ғана емес, шетелдік туристерді де Қырғызстанға тартуы мүмкін. Осыған байланысты қонақүйлерге, мейрамханаларға, такси қызметіне, экскурсияларға және басқа да туристік сервистерге сұраныстың артуы күтіліп отыр.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?