15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыӘлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира Қырғызстан астанасы Бішкекке келді. Бүгін, 18 қазанда, ол Орталық Азиядағы алғашқы концертін өткізеді.
Әнші 18 қазанға қараған түні «Манас» халықаралық әуежайына қонды. Оны Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орунбеков, президент іс басқарушысының бірінші орынбасары Бообек Салимжанов, концерт ұйымдастырушылары мен жанкүйерлері қарсы алды.
Бішкекке келгеннен кейін Шакира Instagram парақшасында сурет жариялап, «Салам, Қырғызстан!» деп жазды.
Концерт «Бішкек Арена» стадионында жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де (Астана уақытымен 18:00-де) басталады. Шара әншінің Las Mujeres Ya No Lloran World Tour атты әлемдік турнесі аясында өтеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертте Hips Don't Lie, Waka Waka, Whenever, Wherever, She Wolf сияқты танымал хиттер, сондай-ақ жаңа альбомындағы әндер орындалады.
Қырғызстан президентінің іс басқармасы бұған дейін концертке әлемнің 33 елінен көрермен келетінін хабарлаған. Ауқымды шараға байланысты Бішкек милициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті.
Алдын ала бағалаулар бойынша, Шакираның гонорары 6-7 миллион доллар болуы мүмкін. Ал сахнаны дайындау, техникалық жабдықтау, ұшу, қонақүй және басқа да ұйымдастыру шығындарын есептегенде, концерттің жалпы құны шамамен 10 миллион долларға жетуі ықтимал.
Gamma Media Group компаниясының бас директоры, продюсер Ислам Сатаров мұндай деңгейдегі концерттерді ұйымдастыру әдетте бір жыл бұрын басталатынын айтты. Ол сондай-ақ ауқымды шараны өткізуге шетелдік компаниялардың тартылуына қатысты сұрақ көтерді.
Айта кетейік, бұған дейін Шакираның Алматыда концерт беруі мүмкін екені талқыланған, алайда бұл ақпарат расталмады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады