Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бір жұмысшының қаза тапқаны туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған бір адамның денесі табылды (деректердегі дәлсіздік адамның денесін екі жақтан келген іздеу бөлімшесінің адамдары тапқан). Қаза тапқан адамның денесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін "Қазақстан" шахтасындағы конвейер таспасындағы өрт салдарынан екі жұмысшының денесі табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.