6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚР Премьер-Министрі Әлихан Смаиловтың өкімі бойынша ТЖ министрі Юрий Ильин Қарағанды облысындағы шахтада болған авария себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияға басшылық етті, деп хабарлайды El.kz
3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді.
Шахтада 106 жұмысшы болған. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды. Төрт жұмысшы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ психологтары қайтыс болған адамдардың туыстарына көмек көрсетуде.
Өндірістік процесс уақытша тоқтатылды.
ҚР ТЖ министрі генерал-лейтенант Ю.В. Ильиннің басшылығымен аварияны тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Полиция департаменті адамдардың қайтыс болу фактісі бойынша «Абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі