Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарКостенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан 46-кеншінің денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін іздестіру-құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан 45 кеншінің денесі және алдын-ала болжам бойынша 46-адамның дене бөлшектері табылды. Қаза болған 40 адамның жеке басы анықталды, алтауының кім екені анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптамалар жүргізіледі. Электр энергиясының болмауы, тау-кен қазбаларының ұзындығы, көп бұзылған механизмнің болуы іздеу жұмыстарын қиындатты. Су басқан жекелеген кен орындарында жұмыс істеу қиын болды, - деді Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.
Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Сондай-ақ Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.
Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, "АрселорМиттал" АҚ мемлекет меншігіне өтетіні белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер тобы зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға жіберілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев та апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды.
29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?