Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБолливуд тарихында тұңғыш рет долларлық миллиардер пайда болды. Үнді киносаласының аңыз тұлғасы Шахрух Хан енді әлемдегі ең бай актерлердің бірі атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Hurun India Rich List 2025 тізіміндегі деректерге сүйенсек, 59 жастағы актердің байлығы 1,4 миллиард доллар деп бағаланып отыр.
Осылайша, Шахрух Ханның есімі Арнольд Шварценеггер, Рианна, Тайгер Вудс және Тейлор Свифт сияқты әлемдік жұлдыздармен қатар аталды. Болливудта «романтика королі» атанған актер үнді киноиндустриясында отыз жылдан астам еңбек етіп, қарапайым актерден ірі продюсерлік компанияның басшысы және крикет командасының иесіне дейін көтерілді.
Hurun India сарапшыларының айтуынша, оның миллиардер атануына басты себеп – Red Chillies Entertainment продюсерлік компаниясындағы үлесі мен Knight Rider Sports крикет командасындағы иелігі. Бұған қоса, актердің табысы фильмдерден түскен гонорарлардан, жарнама келісімдерінен және әлемнің түкпір-түкпіріндегі жылжымайтын мүлік инвестицияларынан құралады.
Hurun India сарапшысы Анас Джунаидтің пікірінше, Үндістан экономикасы түбегейлі өзгеріп келеді. Енді байлықтың басты көздері – спорт, ойын-сауық индустриясы және интеллектуалдық меншікке негізделген бизнес. Бұл үрдіс АҚШ-тағы жағдайды еске салады: кезінде байлар қатарында өнеркәсіп иелері мен банкирлер болса, бүгінде олардың орнын спорт командасының иелері, медиа-магнаттар және атақты тұлғалар құрған брендтер басып отыр. Бұған мысал ретінде Майкл Джордан, Леброн Джеймс, Опра Уинфри мен Бейонсе сияқты жұлдыздарды атауға болады.
Ал Шахрух Ханмен бірге бірнеше фильмде ойнаған Джухи Чавла және оның отбасы 880 миллион долларлық байлықпен екінші орында. Үшінші сатыда Ритик Рошан – оның дәулеті 260 миллион доллар, одан кейін режиссер Каран Джохар (200 млн доллар) мен аты аңызға айналған актер Амитабх Баччанның отбасы (183 млн доллар) орналасқан.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?