12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕлордада шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатының құрметіне Вишванатан Ананд ағаш отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шара FIDE, Қазақстан шахмат федерациясы және Астана қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен шахмат алаңында өтті. Вишванатан Ананд шахматтан 15-ші әлем чемпионы және Үндістан тарихындағы ең ұлы шахматшы.
Ол 2000 жылы FIDE әлем чемпионы атағын жеңіп алды, 2007 - 2013 жылдар аралығында қатарынан әлем чемпионы болып келді. Қазір оқу-ағарту жұмыстарымен айналысып, балалар мен жасөспірімдерге шахмат ойнауды үйретуде.
Астанадағы шахмат алаңы 2005 жылы құрылған. Саябақтың ортасында шахмат тақтасы түріндегі платформа бар. Бұл қала тұрғындарының, әсіресе шахмат әуесқойларының сүйікті алаңқайларының бірі. Жылдың жылы мезгілінде саябақ орындықтарында ойнап отырған шахматшыларды кездестіруге болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер