Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАсаубаева – елімізде мұндай атаққа қол жеткізген алғашқы шахматшы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Блицтен екі дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
19 жастағы Бибісара Асаубаеваға мұндай құрмет оның соңғы жылдары жетіп жүрген жетістіктерінен соң көрсетілген.
Шахматшыға Еңбек сіңірген спорт шебері куәлігін мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов тапсырды.
Айта кетейік, 2019 жылы әйелдер арасында гроссмейстер атанған Асаубаева араға бір жыл салып ерлер арасында халықаралық шебердің нормативін орындады.
Блицтен әлем біріншілігінде екі жыл қатарынан өзінің теңдессіз екенін дәлелдеп келеді. 2021 жылы осы нәтижесі үшін тарихтағы ең жас спортшы ретінде Гинесстің рекордтар кітабына енген.
Бибисара – рапидтен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы.
Жақында ғана Үндістанда өткен Гран-при турнирінде екінші орыннан көрінді.
Ал Астанада әлем құрамасына қарсы өткен ойында ФИДЕ рейтингінің ең жоғары сатысында тұрған қытайлық Чоу Ифаньді екі рет ұтты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары