Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМажарстан астанасы Будапеште шахматтан 45-ші олимпиада жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, әйелдер сайысында қазақстандық қыздар 8-турда турнир кестесінде шамалас тұрған Францияны (2355, № 13) 2,5-1,5 есебімен жеңді. Атап айтқанда, Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыласынан басым түссе, Әмина Қайырбекова тең ойнады. Тек Меруерт Камалиденова жеңіліссіз келе жатқан Миллиет Софиеге шамасы жетпеді. Алдағы 9-турда командамыз басты фавориттің бірі Польшамен жолығады.
Әйелдер сайысындағы кесте (169 ел):
1️. Польша – 14 ұпай
2️. Үндістан – 14 ұпай
3️. Қазақстан – 14 ұпай
4️. АҚШ – 13 ұпай
5️. Армения – 13 ұпай
Ал ерлер арасында біздің шахматшылар Бангладеш құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Қазыбек Нөгербек, Әлішер Сүлейменов жеңіске жетсе, Денис Махнев пен Алдияр Аңсат тең түсті.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды